Жарияланды: 600

Алматыда транспорттық компаниялар автобустарда жүру жолақысын көтеруді талап етуде

Алматы. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының жолаушы көлігінің жүргізушілері бүгін наразылық білдіріп, белгіленген бағыттар бойынша автобустарды жүргізбеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, "бұл еш ескертусіз, заңға қайшы жасалған әрекет. 855 автобус өз бағыттары бойынша шықпай қалған. Соның салдарынан қаланың күнделікті тіршілігіне зиян келтірілген". Алматы қаласы әкімінің орынбасары В. Долженков бүгін сағат 11.00-де көлік компаниялары басшыларымен кездесті. Олар автобуста жүру бағасын 60 теңгеге көтеруді, жанар - жағар майлар мен қажетті бөлшектердің қымбаттауы салдарынан барлық категориялар бойынша жеңілдіктерді алып тастауды талап етуде. Кездесу барысында жолаушы көлігінің құны көрсетілетін сервиске сай болуы қажеттігі айтылды. Ал, Алматы автобустрында бұл туралы айтудың өзі қисынсыз, оған дәлел - жолаушылар тарапынан түсетін арыз - шағымдар. Әкімнің сайтына тек 01.08.09 - 21.09.09 аралықта ғана осындай 86 шағым түскен. Қала өкіметі баға барысында әлеуметтік саясатты ұстанатын болады. Студенттерге берілетін жеңілдіктер де сақталған. Алматыдағы жолаушы көлігінің бағасы еліміздің өзге қалаларымен салыстырғанда едәуір төмен. Келіссөз барысында "Жолаушы тасымалы" МҚК-ын тарапынан транспорт компанияларына техникалық көмек көрсетілетіндігі туралы шешім қабылданды. Таяу арада тасымалдаушылар жағдайға қатысты толық сараптама жасап, ұсынатын болады. Тарифтерді көтеру Мәслихат депутаттарының қатысуымен көпшілік талқысына ұсынылатын болады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін