Алматыда түнгі таксист апатты жағдай туғызып, қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда түнгі таксист апатты жағдай туғызып, қашып кетті

Алматыда түнгі таксист апатты жағдай туғызып, қашып кетті

 

  • 22 Қаңтар 2021
  • 63
Фото - Caravan.kz

Алматыдағы Сейфуллин даңғылының бойында, Дегтярев көшесінен сәл төмен жерде көлік аударылды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Nissan жүргізушісі Сейфуллиннің бойымен жолдың оң жағымен солтүстік бағытта асықпай келе жатқанын айтады. Сол жағында Яндекс.Такси деген жазуы бар көлік те келе жатқан екен. Кенет жол жиегінде қол көтерген клиентті байқаған әлгі таксист күрт оңға ойыса жөнелгенде мұндай сұмдықты күтпеген Nissan жүргізушісі қарсы жолаққа қарай қашамын деп, көлігіне ие бола алмай қалды.

Сырғанаған күйі бордюрге соғылған көлік аударылып, ағашқа бір соғылып, Royal Petrol жанармай бекетінің жарнамалық стеласын талқандап барып бірақ тоқтады.


Жүргізуші жарақаттан аман екен. Ал әлгі таксист оқиға орнынан кетіп қалған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар