Өзін турфирма басшысымен деп таныстырған Ғалия Шарапова жұрттан шамамен 60 млн теңге жинап, ізін суытқан. Бүгін судья сотталушының емшектегі баласы барына қарамастан, осы іске нүкте қойды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Жұртты сан соқтырған Ғалия Шарапова ел екі жыл бойы уақыты көрсетіліп, туристтің атына тіркелген бөлме мен ұшақ билеттерін сатқан. Бірақ барлығы жалған болып шықты. Алданған туристер полицияға шағымданған соң тергеу басталып, пысықай келіншек қамауға алынған. Бірақ аяғы ауыр болған соң, бостандыққа жіберіліпті.
Жалпы бұл келіншектің жылмысқы әрекетінен 80 адам сан соғып қалған. Бірақ полицияға арызды соның тек 11-і жазыпты. Демалысы дауға ұласып, сотпен аяқталған сол туристер бүгінгі үкімімен келіспей отыр.
Светлана Айтмұратова, жәбірленуші:
Бізге үлкен материалдық және моральдық шығын көрдік. Жәбірленушілердің барлығы сот үкімімен келіспейді. Себебі, біздің шығындарымыз өтелген жоқ. Осындай қылмыс жасағаны үшін кемінде 5 жыл түрмеде отыруы керек еді.
Ал келтірілген материалдық шығын көлемі 60 миллион теңгеге. Қыруар қаржыны үптеп кеткен Ғалия Шарапова турагенттіктердің бірінен мәліметтер ұрласа, келесісінде жолдама жасаған. Қылмысы әшкере болған ол сот үкімін естіген соң кішкентай баласын сылтауратып, жауап бергісі келмеді.
Емізулі баласын өзімен бірге темір торға ала кеткен Ғалия Шарапованың мүлкі тәркіленіп, келтірілген материалдық шығын өтелмек. 8 айлық баласын өз еркімен туыстарының қарауына бермеген жағдайда ол балалар үйіне өткізілетін болады.