Алматыда үй кіреберісінде балалар арбасына дәрет сындырған тұрғын ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда үй кіреберісінде балалар арбасына дәрет сындырған тұрғын ұсталды

Алматыда үй кіреберісінде балалар арбасына дәрет сындырған тұрғын ұсталды

44 жастағы ер адам "Саяхат" автовокзалы ауданында пәтер жалдап тұрады. Іс материалдары сотқа жолданды.

  • 6 Желтоқсан 2021
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы полициясы мәліметінше, "Жас қанат" ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде кіреберісте тұрған балалар арбасына дәрет сындырғаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған ер адамның жеке басы анықталды.

"Видео резонанс тудырды. Біз бейнебақылау камераларына түсіп қалған видеоны мұқият зерттедік. Айыпталушы ол ауданның тұрғыны емес екен. Оның жеке басы біраз уақыттан кейін анықталды. Бүгін ұсталды. Бұл Саяхат автовокзалының ауданында пәтер жалдап тұратын 44 жастағы азамат. Бұрын ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған", — деді Түрксіб аудандық полиция бөлімінің бастығы Еркін Амантаев.

Ұсталған тұрғынның өзі мас күйде болғанын айтты. ҚР ҚК-ның 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.


Еске салайық, 3 желтоқсанда алматылық тұрғын көпқабатты үйдің кіреберісінде тұрған балалар арбасына дәрет сындырған видео жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар