Алматыда Ұлтық қауіпсіздік комитетінің жалған капитаны енді әйелін соққыға жықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Ұлтық қауіпсіздік комитетінің жалған капитаны енді әйелін соққыға жықты

Алматыда Ұлтық қауіпсіздік комитетінің жалған капитаны енді әйелін соққыға жықты

Күші тасыған «жалған капитан»! Әкесіндей жүргізушіні жұдырықтап ғаламторды шулатқан жігіттің әйеліне де жәбір көрсеткені мәлім  болды. Өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицерімін деп, артынша өтірігі шығып қалған Аян Байділданов бұған дейін де бала-шағасының көзінше аналарын талай мәрте соққыға жыққан екен. Бірақ әйел қанша шағымданғанымен, бұзақыдан сол күйі құтыла алмаған. Көзі көгерген келіншек енді кімнен көмек сұрарын білмей отыр.

  • 9 Маусым 2015
  • 331
Фото - Caravan.kz

Ұр тоқпаққа айналдым деп қынжылған әйел көгерген қолын көрсетіп әлек. Күйеуі жағы мен көзін көгертіп, тіпті миын шайқалтып жіберіпті. 

Татьяна Суевалова:

-Басымнан ұрып жатқанда әпкем келіп араша түсті. Әрең дегенде құтқарып қалды. Қасымда балаларым да бар еді. Олар бәрін көрді. Сосын Аян әпкемді де қоса балағаттап, бізді пышақпен бауыздап өлтіремін дегенді айтты.

Бірге тұрмаса да маза бермейтін күйеуі Татьянаны өз үйінің ауласында соққыға жыққан екен. Көршілері дереу полиция шақыртқан. Бірақ күшіне мінген жігіт тәртіп сақшыларына пысқырып та қарамаған.        

-Саған айтып қояйын. Маған ештеңе жасай алмайсың. Бір сағаттан соң-ақ келіп сазайыңды беремін.

Полицейлердің көзінше әйелін балағаттап тұрған бұл бұзақының жүргізушіні де жұдырықтап аты шықты. Аузына көк ит кіріп, ақ ит шыққан жігіт онда өзін ұлттық қауіпсіздік комитетінің капитанымын деп күллі жұрттың жағасын ұстатқан еді.

-Еу, сілімтік! Қараңды батыр бұл жерден. Мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  капитанымын. Еу,табаныңды жалтырат. Бол, тез!

Бірақ, артынша өтірігі ашылып, ел-жұрттан кешірім сұраған. Тек жалған капитанның тәртібі әлі түзелмеген көрінеді. Төбелеске жақын жігіт келіншегіне жәбір көрсекенімен қоймай, оны полициямен қорқытып жүр.     


-Еу, тыңда миғұла қатын. Менің танысым көп. Арыз жазсаң әпкеңмен отбасыңмен қосып жауап бересіңдер. Түсіндің бе, сілімтік!

Жұртқа жұдырық жұмсағаны үшін тағы да сотқа шақыртылған жалған капитан өз кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Айтуынша, келіншегі өз көзін өзі көгертіпті. Қолын да өзі қайырып, жағынан да өзі оңдырмай ұрған.  

Аян Байділданов:

-Оның айтқан сөздері өтірік. Оның көздегені ақша мен көлік. Және баламды көрсетпей қоймақшы.

Жұдырық сілтеуге құмар жалған каптитан қос бірдей компанияның басшысы болып шықты. Әйелін оңдырмай соққыға жыққаны үшін бизнесмен тек бір тәулікке ғана абақтыға тоғытылды. Ал жүргізуші шалды балағаттап, өтірік айтқаны үшін Аян Байділданов әлі жауапқа тартылмады.