Алматыда ВИЧ жұқтырған әйелдердің бала тууы жиіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ВИЧ жұқтырған әйелдердің бала тууы жиіледі

Алматыда ВИЧ жұқтырған әйелдердің бала тууы жиіледі

Алматыда соңғы жылдары ВИЧ-пен ауыратын репродуктивтік жастағы әйелдер арасында дені сау бала туып, ана атану үрдісі байқалып отыр.

  • 21 Шiлде 2016
  • 615
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлер соңғы үш жылдан бері ВИЧ-әйелдердің бала тууы артып келе жатқанын айтып отыр. Алматыда соңғы жарты жылдың өзінде 37 сәби дүниеге келді. ВИЧ-позитивті әйелдердің кейбірі тіпті екінші, үшінші, тіпті төртінші сәбиін өмірге әкелген.

«Мұндай әйелдерден туған балалардың барлығы тұрақты медициналық және әлеуметтік қадағалауды қажет етеді. Балаларды сапалы бақылап тұру үшін орталығымызда қажетті қондырғылармен жабдықталған, білікті педиатр дәрігерлер қабылдау жасайтын кабинет ашылды», – дейді Алматы қаласындағы ЖИТС орталығының бас дәрігері Талғат Бәпиев.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда ВИЧ-пен ауыратын әйелдердің 98 %-дан астамы дені сау бала туады. Бұл жағдайда ананың өз денсаулығына және өмірге келетін баланың денсаулығына жауаппен қарау маңызды. Әрбір әйел жүктілік кезінде ВИЧ-ке екі мәрте тест тапсырып, қажет болған жағдайда тиісті ем қабылдайды.

Алматы қаласындағы ЖИТС орталығының дәрігерлері 38 болашақ ананың денсаулығын бақылауда ұстап отыр, олардың 37-сі вирустың анадан балаға берілуін болдырмас үшін антиретровирустық препараттармен ем қабылдап жатыр. Дәл осы препаратты қабылдау және емізуден бас тарту – баланың дені сау болып тууына ықпал етеді.


ВИЧ жұқтырған жүкті әйелдер тұрғылықты орны бойынша есепке тұрмай, осы арқылы өзінің де, өмірге келетін баланың денсаулығын да қатерге тігетін жәйттер алаңдатады. Бұл өте маңызды, өйткені жүктілік, баланы босану және емізу кезінде ВИЧ-ты жұқтыру — инфекцияны жұқтырудың бір жолы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар