Жарияланды: 20

Алматыда заңсыз жүрген 62 шетелдік елден шығарылған

Алматыда заңсыз жүрген 62 шетелдік елден шығарылған

Алматыда заңсыз жүрген 277 шетелдік анықталған.

Көші-қон қызметінің мәліметінше, қалада жергілікті полиция қызметінің көмегімен заңсыз көші-қон деректерін анықтауға бағытталған бірлескен жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілуде, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Құрылыс нысандарын тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 277 шетелдік анықталған, олардың 28-і алыс шетелдердің: Нигерия – 11, Түркия – 19, Үндістан – 3, Филиппин – 2, Қытай – 1, Иран – 1, сондай-ақ көршілес елдердің 249 азаматы: Өзбекстан – 184, Ресей – 38, Тәжікстан – 18, Түрікменстан – 4, Әзірбайжан – 3, Қырғызстан – 1 және Украина – 1.

Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 145 шетел азаматы қабылдап-таратуға орналастырылса, тағы 62-сі сот шешімімен елден шығарылған. Сонымен қатар шетелдіктерді шақыру ережелерін бұзған және олардың дер кезінде елден шығуын қамтамасыз етпеген 82 заңды тұлғаға шара қолданылған.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін