Алматыда жалпы білім беретін мектептерде оқушылардан азаматтық полиция құру жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жалпы білім беретін мектептерде оқушылардан азаматтық полиция құру жоспарлануда

Алматыда жалпы білім беретін мектептерде оқушылардан азаматтық полиция құру жоспарлануда

АЛМАТЫ. 2-сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда жалпы білім беретін мектептерде оқушылардан азаматтық полиция құру жоспарлануда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Сәуiр 2007
  • 509
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, азаматтық полицияның сынақ түріндегі отряды №157 орта мектептің базасында құрылған. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «сынақ отрядының құрылуы нәтижесінде мектепте кіші сынып оқушыларынан ақша бопсалау деректері тыйылған».

«Отряд мүшелері өз бастамасы бойынша мектептің жанында орналасқан дүкендерге рейдтер жүргізді. Оның барысында сатушыларға кәмелеттік жасқа жетпегендерге спиртті және темекі өнімдерін сатқан жағдайда құқық қорғау органдарына тиісті ақпарат жолданатындығы туралы ескерту жасалды. Соның арқасында бүгінде жасөспірімдерге тыйым салдынған заттарды сату деректері жойылды»,- деді Алматы қалалық ІІД-нің кәмелеттік жасқа жетпегендер ісі жөніндегі инспекциясының жетекшісі Айгүл Шөпшекбаева мектеп директорларының қатысуымен өткен семинар-кеңесте.

Мектеп директорларымен кездесуде инспекторлар қаладағы барлық мектептерде оқушылардан азаматтық полиция құру жөнінде ұсыныс жасалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті