Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, Audi автокөлігі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта кетіп бара жатып, бар жылдамдығымен келіп жүк көлігіне соғылған. Жолда тұрған жүк көлігінде арнайы ескерту белгісі ілініп тұрған.
Бастапқы болжам бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі жүк көлігін кеш байқағандықтан автомобилді тежеп үлгермеген. Қазір жол апатының себеп-салдарын полиция анықтап жатыр.
Апат салдарынан жас әйел мен оның кішкентай қызы қайтыс болса, тағы бір жол жұмысшысы ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Оқи отырыңыз: