Халық Төреғалидың концертіне қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық Төреғалидың концертіне қарсы шықты

Халық Төреғалидың концертіне қарсы шықты

Қарағанды жастары «ақысына» кешірім сұраған Төреғали Төреәлінің кеншілер қаласында концерт қоюына қарсы.

  • 14 Наурыз 2018
  • 284
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Салтанат Кеңесбекова есімді желі қолданушысы жазды, деп хабарлайды qasym.kz.

«Қарағанды жастары сол күні жиналмақ екен. Халықтан кешірім өтінген екен, ақысыз концерт беру керек, деп! Мен олардың осы пікірін қолдаймын! Өр, жасындай жарқыраған ұрпақ тәрбиелеп жатыр екенбіз! Төреғали сияқты пиаршиктерді төрге оздырмау керек деп отырмыз!», – деп жазды Салтанат Кеңесбекова.

Бұл дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай да қолдап, Қарағандыны кім көрінген концерт қоятын жерге айналдырмауды сұрады.

«Кешірімді əуеді Павлодардан бастап сұрасын. Не, Қарағанды көрінген фанерщик аузын жыбырлатып «концерт» қоя беретін проходной двор ма?! Бұл іспен облыстық Мəдениет басқармасы айналыссын. Қарағандыны кім көрінген концерт қоятын помойка қылғанды тоқтатқызу керек! Бұл не сұмдық! Бұған кім рұқсат беріп отыр. Ұйымдастырушыларды жазалансын. Қарағандыда кімдер ұйымдастырып отыр, есімдері жариялансын. Білейік фанерщиктердің жақтастарын, шын өнердің дұшпандарын. Қарағандының жастарының бұл бастамасын қолдаймын!», – деді Ерлан Төлеутай.

Оқи отырыңыз:

Желіде қызу талқыға түскен шашы тақыр, костюмі ұзын Төрағали

Ты кто такой? Төреғали Төреәлінің концертінен тағы бір видео жарияланды

Төреғалидың «әйгілі» сөздерін асабалар тойда қолданып, халықты ду күлдірді

Танымал журналист Төреғали туралы: Аузына темірді қыздырып басу керек

Соңғы жаңалықтар