Алматыда жас қыз жоғары қабаттан құлап, қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жас қыз жоғары қабаттан құлап, қаза тапты

Алматыда жас қыз жоғары қабаттан құлап, қаза тапты

Алматыда жас қыз жоғары қабаттан құлап, мерт болды. Полиция суицид бабымен тергеуді бастады.

  • 13 Қазан 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Оқиға орнына фото мен видео әлеуметтік желіде тарады. Онда марқұмның «Гауһартас» тұрғын үй кешенінің жоғары қабатынан секіріп кеткені айтылады. Видеода етпетінен жерде жатқан қызды көруге болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады.

«Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар