Форумға еліміздің әр аймағынан жүзге тарта тілші қатысуда. Үш күнге созылатын жиында «Қазақ баспасөзінің дамуы», «Телебағдарламалар мен жаңалықтар сапасы» сынды тақырыптар талқыланбақ. Айта кетерлігі, осы өзекті мәселелерге қатысты пікірталас мемлекеттік тілде жүргізіледі. Форум соңында үздік тілшілер мен блогерлерге бағалы сыйлықтар үлестірілмек.