Алматыда жеке меншікке жер телімдерін беру туралы жалған шешімдерді дайындап, сатумен айналысып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жеке меншікке жер телімдерін беру туралы жалған шешімдерді дайындап, сатумен айналысып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

Алматыда жеке меншікке жер телімдерін беру туралы жалған шешімдерді дайындап, сатумен айналысып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

Алматы. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жеке меншікке жер телімдерін беру туралы жалған шешімдерді дайындап, сатумен айналысып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасап.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 668
Фото - Caravan.kz

Қазіргі уақытта Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Алматы қалалық Департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері жүргізген кешенді жедел іздестіру амалдары негізінде ұсталған қылмыскерлер тергеу абақтысына қамалды.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде анықталғаны, жергілікті жердегі атқару органдарының бұрынғы үлгідегі шешімдерін дайындап, сату ылғи жүргізіліп отырыпты. Алматы қаласы «Шаңырақ-1,2,5», «Көкқайнар», «Дархан» және де басқа ықшамаудандарында заңсыз басып алынған жер телімдерін заңдастыруға қолданылған. Қозғалған қылмыстық іс аясында анықталғандай, 7 500 АҚШ долларына жер телімдерін беруге арналған 1996 жылғы жалған шешімдері сатпақ болып жатқан жерінен, «Көкқайнар» ауылының тұрғындары Әлібеков пен Сағатбеков ұсталған. Сондай-ақ «Дархан» ықшамауданындағы жер учаскесін заңдастыруға арналған құжаттарды 9 500 АҚШ долларына сатпақ болған жерінен Жаңабергенов деген күдікті қолға түскен.

ҰҚК Алматы қалалық департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі бас тергеушісі Қайыржан Камзаевтың айтуынша, «оларың жеке бастары лауазымдары кім қайда істейді, қалай бұл мәселе орын алғаны, солардың бәрі тергеумен анықталатын болады. Олар ұсталғалы екі күн ғана болды. Екі күннің ішінде алынған мәліметтер. Бұл әлі қосамша тескеруді талап етеді».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар