«Алматы қалалық құтқару қызметінің» мәліметтері бойынша, 12 наурызда 051 кезекшілік пультіне 14 сағат 25 минутта «Алматытелефонқұрылыс» АҚ диспетчерінен, Алматының Алмалы ауданында жер қазу жұмыстары кезінде 76 миллиметрлік артиллериялық снарядтың табылғандығы жөнінде ақпарат келіп түсті. Снарядты тат басқандықтан оның маркасы көрінбеген және жарылғыш заттары болмай шықты.
Снаряд ҚР Қорғаныс министрлігінің қоймасына тапсырылды.
Сонымен қатар ҚР ТЖМ мәліметтері бойынша, Теміртаудың Ішкі істер департаментіне 12 наурызда 16 сағат 55 минутта №23 мектебінде жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті. Тексеру кезінде мектеп ғимаратының ішінен жарылғыш зат табылмады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті