Алматыда жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 78 пайызды құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 78 пайызды құрайды

Алматыда жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 78 пайызды құрайды

Халқымыздың жағдайы қандай болса қаламыздағы тілдік ахуал да сондай. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Мамай Ахетов Ғылым ордасында өтіп жатқан «Веб-сайттарды қазақ тілінде дамыту және мемлекеттік тілдің негізгі мәселелері» деген тақырыптағы дөңгелек үстел жиынында айтты.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 507
Фото - Caravan.kz


«Бүгінгі таңда статистикалық деректер бойынша Алматы қаласындағы қазақтардың үлесі 55 пайызды құрайды. Негізгі көрсеткіштердің бірі болып есептелетін жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 78 пайызды құрайды. Қала тұрғындарының тілге деген көзқарасының көрсеткіші балабақшаларда кім қай тілде тәрбие алып жүргенінен байқалады. Қазір мемлекеттік тілдегі балабақшалардағы балалардың саны орыс тілді балабақшалардағы балалардан 2 есе көп. Ал қазақ мектептеріндегі оқушылар 74 мың адамды құрайды», — деді М. Ахетов. Оның айтуынша, әлеуметтік зерттеу қорытындысына қарағанда, жастардың 90 пайызы өзінің болашағын мемлекеттік тілмен байланыстырады. Мәселен, 1991 жылы қазақ тілінде білім алатын оқушылар саны қалада 8 мың ғана болатын. Биыл олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 71-ден 74 мыңға дейін ұлғайып отыр.