Алматыда жойқын жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  жойқын жарылыс болды

Алматыда жойқын жарылыс болды

Алматыдағы жер үйлердің бірінде жойқын жарылыс болды. Түн жарымда болған апаттың салдарынан 2 адам зардап шеккен. Оның біреуі жан сақтау бөлімінде жатыр.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 314
Фото - Caravan.kz


Бұл үйде жалғызбасты ана 2 ұлымен тұрыпты. Ал жарылыс орын алған сәтте іште тек 31 жастағы жігіт болған. Гайморитпен ауратын ол газды ашық қалдырып, иісін сезбесе керек. Құтқарушылар ауыр жараланған жігітті үйіндінің астынан алып шықты. Жарылыстың қатты болғаны сонша, көрші үйге де айтарлықтай зақым келген. Үсті опырылып, қабырғалары құлап жатыр. Қас-қағым сәтте жиған тергені мен баспанасынан айырылғандар қазір туыстарын жағалап кетті.