Жарияланды: 510

Алматыда жол апаты көбейіп кетті

Алматыда жол апаты көбейіп кетті. Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жол апатынан қаза тапқандар саны 24 пайыз артты, деп қалалық ІІД бастығы Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

«Жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағы күрделі күйінде қалып отыр. Қазір жол апаттары 14%, қаза тапқандар саны 24%, жарақат алғандар - 21% артқан», - деді ол сәрсенбі күні осы жылдың 9 айында Алматының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне арналған кеңесте. Департамент бастығының айтуынша, әкімшілік жауапкершілікке тартылған 214 мың жүргізушінің 3700-і көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жазаланса, 4200-і жүргізуші куәлігінен айырылды. Е.Тұрғымбаев Алматы бойынша айыппұл төлеу мәселесі «әлсіз» күйінде қалып отыр. «Барлығы 767 млн теңге айыппұл өндіріп алынды. (...) Бүгінгі таңда салынған айыппұлдың 41 пайызы өндірілген», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін