Апат өткен жұмада Тілендиев пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Бұл жерде таңертең «Мерседес» және «Фольксваген» көліктері соқтығысты. Апат салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен алты жолаушы түрлі жарақаттармен қала ауруханаларына жатқызылды.