Жол апаты қаладағы солтүстік айналма жолда болған. Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, екі автобус (біреуі № 85 бағыт бойынша, екіншісі — Алматы мен Капшағай арасында қатынайтын) пен «Дэу Нексия» көлігі соғысқан. «Апат салдарынан алты адам, соның ішінде төртеуі облыстық ауруханаға, екеуі жетінші ауруханаға түрлі жарақаттармен жеткізілді», — деп хабарлайды мекеме. Зардап шеккендердің арасында балалар жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті