Апат сәрсенбі күні таңертең Төле би және Желтоқсан көшелерінің қиылысында болған. Бұл жерде 25 жастағы жігіт айдаған «Ниссан» мен 34 жастағы жігіт айдаған «Тойота» көліктері соқтығысты. «Апат салдарынан «Тойота» жүргізушісі жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қаза тауып, «Ниссан» жүргізушісі қалалық №7 ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды құтқарушылар.