Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 шілдеде 6 сағат 42 минутта Гоголь және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында «ВАЗ 2107» және «Ниссан» көліктері соғысты. «Жол апаты салдарынан үш адам : 45 жастағы «ВАЗ 2107» жүргізушісі, 19 жастағы «Ниссан» жүргізушісі мен «ВАЗ 2107» автокөлігінің жолаушысы қаза тапты. «Ниссан» автокөлігінде отырған, әзірге аты-жөні анықталмаған әйел қалалық №7 клиникалық ауруханасына жатқызылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті