Алматыда жол апатынан зардап шеккен жол полициясы қызметкері бір ай өтсе де әлі есін жиған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол апатынан зардап шеккен жол полициясы қызметкері бір ай өтсе де әлі есін жиған жоқ

Алматыда жол апатынан зардап шеккен жол полициясы қызметкері бір ай өтсе де әлі есін жиған жоқ

1-маусым күні жол апатында зардап шеккен жол полициясы қызметкері әлі комада жатыр, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Алматы ІІД ЖПБ-нан хабарлады.

  • 30 Маусым 2011
  • 307
Фото - Caravan.kz

«Оның жағдайы жақсарған жоқ. Ол әлі күнге дейін жан сақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр», — дейді сұхбат беруші.

Бұған дейін хабарланғандай, 1-маусым күні №35 автобус жүргізушісі жол ережесіне өрескел бұзып, Алматы ІІД ЖПБ арнайы батальоны бастығының орынбасары мінген көлікке соқтығысқан болатын. Салдарынан бас сүйегі сынып, миы зақымданған полицейге нейрохирургиялық операция жасалды. Қазір ол жасанды аппараттың көмегімен тыныстап жатыр.
Автобус жүргізушісі тұтқындалып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар