Алматыда жолаушылар жолақыны мобильді қосымша арқылы төлейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жолаушылар жолақыны мобильді қосымша арқылы төлейтін болды

Алматыда жолаушылар жолақыны мобильді қосымша арқылы төлейтін болды

Алматыда қоғамдық көлік жолаушыларына арналған «Оңай» төлем жүйесі өз мүмкіндігін кеңейтті.

  • 1 Маусым 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Карта жүйесіндегі жаңалықтармен «Оңай Рау» компаниясының директоры Александр Зайкин бөлісті.

Оның айтуынша, жақын арада Оңай иегерлері жолақысын мобильді қосымша арқылы төлейтін болады. 

«Бұл мәселе бірнеше ай уақыт алады. Бұл жаңалық картасын үйінде ұмытып кеткен адамдар үшін тиімді болады. Сонымен қатар, жақын арада виртуалды карта жасап, пайдалануға енгіземіз. Яғни, адамдарға пластик карта сатып алудың қажеттілігі болмайды», — деді «Оңай Рау» директоры Александр Зайкин.

Бүгінде «Оңай» қосымшасы арқылы тек картаны толықтырып қана қоймай, қоғамдық көліктің қозғалысын бақылауға болады. Сонымен қатар, карта киноға билет сатып алуға мүмкіндік береді.

«Біз билеттердің онлайн сатылымы сервистерімен, онлайн аптека сервистерімен әріптестік орнаттық. Аталған сервистер арқылы дәрі-дәрмек немесе билет сатып алып, Оңай картасымен есептесуге  болады», — деді ол.

Қазақстандық мамандар тәжірибені гонконгтық Octopus смарт картасы жүйесінен алған.

«Қазір Octopus смарт картасы арқылы бірқатар қызметке төлем жасауға болады. Оның ішінде көлік, тұрақ, супермаркетте сауда, такси, қызметтер мен тауарлар сатып алуға болады», — деді А.Зайкин.


Қазірдің өзінде Оңай картасы арқылы «Медеу» және «Шымбұлақ» тау шаңғысы, «Көк-Төбе» паркінің кассаларында, зообақ пен дельфинарийге Оңай картасы арқылы төлем жасап кіруге болады.

Айта кету керек, Оңай бірыңғай төлем жүйесі 2015 жылдың 1 қазанынан бастап пайдалануға енгізілген.

3 жылда 1,8 млн карта шығарылған. Күн сайын 1 млн-ға жуық адам аталған қызметті пайдаланады.  

Оқи отырыңыз:

Қоғамдық ұйымдар Зағипа Балиеваны "Асыл ана" деп атауды ұсынды

Қазақстан Қытайға астықты жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуы мүмкін

Алматыда ірі жол апатынан үш адам зардап шекті