Жолға таласқан екі бірдей қоғамдық көлік ережені де елемей, жоғары жылдамдықпен жүйткіген. Тіпті нөмірі 2-ші автобус жаяу жүргінші жолағымен өтіп бара жатқан адамға тоқтап үлгере алмай, қағып өткен. Соққының қатты болғандығы сонша, жүргінші бірнеше метрге дейін ұшып кетіп, оқиға орнында қаза тапты. Ал сол кезде автобуста болғандардың ешқайсысына зақым келген жоқ. Адам қағып өлтірген жүргізуші медициналық сараптамаға жіберілді.