Жарияланды: 200

Алматыда жүгері сатушының үстінен неліктен қылмыстық іс қозғалды

Алматыда жүгері сатушының үстінен неліктен қылмыстық іс қозғалды

Полиция қызметкерлері ер адамды заңсыз сауда жасағаны үшін ұстаған.

Алматыдағы Тұңғыш президент саябағында жүгері сатқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, осыған дейін сатушы рұқсат етілмеген жерде сауда жасағаны және тәртіп сақшыларының талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алайда ер адам тыйым салынған орында қайта сауда жасаған. Енді оның үстінен қылмыстық іс қозғалады.

"102 пультіне Дулати көшесіндегі заңсыз жаппай сауда жасау туралы хабар түсті. Оқиға орнына учаскелік инспектор барды. Дерек расталды. Әкімшілік хаттама толтыру кезінде ер адам полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, дене жарақатын келтірген. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді", - дейді Бостандық ауданы полиция басқармасыныңи басшысы Дәурен Өтебаев.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Билік өкіліне қарсы күш қолдану" бабы бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда сатушының ұсталуы желіде қызу талқыға түскені хабарланған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін