Алматыда жүйткіген Мерседес полицейлерді қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жүйткіген Мерседес полицейлерді қағып кетті

Алматыда жүйткіген Мерседес полицейлерді қағып кетті

7 сәуір күні Алматыда Mercedes автокөлігі жол жиегінде тұрған полицейлік автокөлікке келіп соғылды. Соның салдарынан екі полиция қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды autolafa.

  • 8 Сәуiр 2014
  • 419
Фото - Caravan.kz

Жол-көлік апаты Әл-Фараби даңғылының бойында, батыс бағытта Ремизовка және Қожанов (бұрынғы Водозаборная) көшелерінің қиылысында орын алған. Полиция қызметкерлері бұл жерге басқа жол көлік оқиғасын тіркеуге келген екен. Онда KIA автокөлігі Lexus автокөлігіне келіп соғылған болатын. Сақшылар жүргізушімен бірге полицей көлігінде апатты рәсімдеуге кіріседі. Осы сәтте Әл-Фараби даңғылы бойымен үлкен жылдамдықпен келе жатқан Mercedes көлігі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, бар жылдамдығымен полицейлік автокөлікке соққаны соншалық сақшы көлігі Lexus-ке қарай ұшты.


Жол апаты салдарынан екі полиция қызметкері және Lexus көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Келіп жеткен жедел жәрдем дәрігерлері оларды ауруханаға алып кетті. Үшеуінің де миы шайқалған, бас сүйегіне зақым келген.

Медициналық зерттеу Mercedes автокөлігінің жүргізушісі сау болғанын көрсетті. Оның айтуынша, оның алдын басқа көліп кесіп өтіп, салдарынан ол рөлге ие бола алмай қалған. Қазіргі уақытта аталға оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.