Алматыда жыл басынан бері Қазақстанда болу тәртібін бұзғаны үшін 14,5 мың заңсыз мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жыл басынан бері Қазақстанда болу тәртібін бұзғаны үшін 14,5 мың заңсыз мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда жыл басынан бері Қазақстанда болу тәртібін бұзғаны үшін 14,5 мың заңсыз мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ. 23 шілде. Kazakhstan Today. Алматыда жыл басынан бері Қазақстанда болу тәртібін бұзғаны үшін 14,5 мың заңсыз мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің басапасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Шiлде 2007
  • 315
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, өткен жарты жыл ішінде жүргізілген ірі жеті шараның барысында Алматы қалалық көші-қон полициясының қызметкерлері шетел азаматтарының республика аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 14 597 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. «Олардың арасында әлемнің 46 елінен 1656 адам, соның ішінде Түркия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Иран, Ауғанстан, Непал, Палестина, Сирия, Германия, Ұлыбритания, Израиль және Монғолия азаматтары мен ТМД елдерінен 12 941 адам бар», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті