Алматыдағы №29 мектепте граната жарылуы салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы №29 мектепте граната жарылуы салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі жараланды

Алматыдағы №29 мектепте граната жарылуы салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі жараланды

Алматы. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы №29 мектепте граната жарылуы салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі жараланды, деп хабарлайды агенттік "Алматы қалалық Құтқару қызметі" ҚКК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Қаңтар 2008
  • 484
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 26 қаңтар күні кешке мектептің күзетшісі оқу орнына өзінің жолдастарын шақырған. 21 сағат 55 минутта ол жолдастырана көрсету үшін мектепке «РГД-5» гранатасын алып келген. «Ол гранатаның «тұтқасын» қыса отырып, «тұтындырғышты» бөліп, жарылғыш затты сейфке соққан, бұдан кейін «тұтындырғышты» кері орнына салмақ болған сәтте жарылыс шыққан», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жарылыс салдарынан күзетші оқиға орнында жан тапсырса, бір адам жедел жәрдем көлігі келгенше қаза тапқан. Тағы бір адам ауыр жағдайда қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «мектепте оқушылар болмауға байланысты эвакуациялау шарасы болған жоқ».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті