«Азамат Күлікбаевтың заңға қайшы әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізу барысында полиция бөлімшесі қылмыскердің соңғы кездері тұрған жалдамалы пәтерін анықтады», — деді С.Әзірбек.
Ол полиция қызметкерлерінің пәтерден азаматтардың өміріне қауіп төндіретін тыйым салынған заттарды таппағанын атап өтті.
«Тексеру шарасын жүргізу үшін барынша қауіпсіздік шаралары жасалды: көппәтерлі үйдің тұрғындарын көшірдік, іргелес аумақтар қоршалды. Жалдамалы баспананы тексеру барысында қандай да бір тыйым салынған заттар табылмады», — деді ІІД өкілі.
Күлікбаевқа қатысты ҚР ҚК 99 бабы, 2 бөлімі, 269 бабы, 2 бөлімі, 380 бабы, 2 бөлімі, 255 бабы, 4 бөлімі, 291 бабы, 1 бөлімі, 200 бабы, 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Берілген фактілер Алматы қаласы Алматы аудандық ІІБ және Алматы қаласы бойынша ҰҚКД сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.
Жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасау және әйел адамды өлтіру фактісі ҚР ҚК 99 бабы, 1 бөлімі және 192 бабы, 2 бөлімі бойынша тергелуде. Көрсетілген қылмыстарды тергеу мақсатында мекемеаралық тергеу тобы құрылды.