Алматыдағы балабақшада астан уланған балалардың саны 29-ға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы балабақшада астан уланған балалардың саны 29-ға жетті

Алматыдағы балабақшада астан уланған балалардың саны 29-ға жетті

13-желтоқсан, таңертеңгі жағдаймен Алматыдағы балабақшада астан уланып ауруханаға түскен балалардың саны 29-ға жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Желтоқсан 2003
  • 913
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 10-желтоқсан күні Алматыдағы «ГауҺар» орталығында тәрбиеленуші 3 пен 8 жас арасындағы 19 бала ауыр ішек инфекциясының белгілерімен балалардың қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған болатын. Қазір балалардың денсаулық ахуалы орташа ауыр деп бағалануда.

Қалалық тазалық-індет станциясы басқармасының шешімімен Алматыдағы Ақсай ықшамауданында орналасқан №100 балабақшада жабылды. Бұл жерде тазалық-індет станциясы, қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасы мен полиция топтары жұмыс істеуде. Балабақшадағы азық-түлік тауарлары тәркіленіп, зертханаға тексеруге жіберілді.
Алдын-ала бактериологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша балаларға «дизентерия» (қантышқақ) деген диагноз қойылды. Аурудың белең алуына балабақша асханасында тағам әзірлеу технологиясын бұзу әсер еткен деп танылды.
Төтенше жағдайдың орын алу себептерін зерттеу үшін ҚР тазалық-індет станциясынан еліміздің бас эпидемиологы Татьяна Сурдина басқарған арнайы комиссия құрылды. Комиссияның шешімімен балабақша қызметкерлерімен және онда тәрбиеленушілермен қарым-қатынаста болған барлық адамдар міндетті түрде вакцина ектіруі тиіс.

Соңғы жаңалықтар