Алматыдағы циркте қойылым кезінде ғимараттың күмбезінің астынан 100 кг өрт сөндіргіш ұнтақ төгілді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы циркте қойылым кезінде ғимараттың күмбезінің астынан 100 кг өрт сөндіргіш ұнтақ төгілді

Алматыдағы циркте қойылым кезінде ғимараттың күмбезінің астынан 100 кг өрт сөндіргіш ұнтақ төгілді

АЛМАТЫ. 12-наурыз. Kazakhstan Today. Алматыдағы циркте қойылым кезінде ғимараттың күмбезінің астынан 100 кг өрт сөндіргіш ұнтақ төгілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық құтқару қызметінен хабарлады.

  • 12 Наурыз 2007
  • 682
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11-наурызда 18 сағат 41 минутта цирк ғимаратында қойылым кезінде ғимараттың күмбезінің астынан белгісіз ұнтақ зат төгілгені туралы хабар келіп жеткен. Оқиға орнына келген құтқарушылар ұнтақ шашатын өрт сөндіргіш қондырғының датчигі іске қосылғанын анықтады. Оқыс оқиғаның салдарынан көрермендер отырған залға 100 килограмм өрт сөндіргіш ұнтақ төгілді.

Цирктің медициналық қызмет көрсету бөлімінен 3 адам, соның ішінде бір қыз бала көмек сұраған. Олар ауруханаға жатқызудан бас тартты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті