Алматыдағы емханалар мен Пусан қаласының мэриясының қатысуымен медициналық туризмге арналған конференция өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы емханалар мен Пусан қаласының мэриясының қатысуымен медициналық туризмге арналған конференция өтті

Алматыдағы емханалар мен Пусан қаласының мэриясының қатысуымен медициналық туризмге арналған конференция өтті

2019 жылғы 23 қыркүйекте Алматыда (Рахат Палас қонақ үйінің мәжіліс залында) өткен конференцияға Оңтүстік Корея Пусан қаласының клиникалары қатысты:
- Пусан қаласындағы ең үлкен жеке клиника болып саналатын Донг-А көп салалы клиникасы
- Варикозды тамырлардың кеңеюі бойынша Лидос клиникасы
- Сентам Ирум әйелдер клиникасы

  • 2 Қазан 2019
  • 156
Фото - Caravan.kz

Әр клиниканы ұсыну алдында инновациялық даму жетекшісі сөз сөйледі, ол Пусан қаласында туризмді дамытудың артықшылықтары туралы айтып өтті. Бұл қала теңіз жағасында орналасқан әдемі қалағана емес, сонымен қатар медициналық тұрғыда бөлек, туризмнің барлық саласында инновациялық дамыған және болашағы зор қала.

Конференция бірнеше бөлімнен тұрды:
Әр клиниканың презентациясынан, мұнда емханалар өздері туралы, емдеу әдістері, сауалнамалар туралы, сонымен қатар мамандардың қолжетімділігі мен жеңілдіктердің беталысы туралы сөз сөйледі, Пусан қалалық мэриясының құттықтау сөзінен және B2B кездесуден, онда медициналық туризммен айналысатын Қазақстандық компаниялар клиникалар мен тікелей кездесіп, келіссөздер жүргізіп, қызығушылық тудыратын сұрақтар қойып, ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.
Конференцияға сонымен қатар Алматы қаласының туризмі бойынша мемлекеттік басшылығының атынан Ақылбеков К.А. қатысты, ол Туризм департаментінің бастығы және Visit Almaty ресми өкілі болып келеді.

Қазақстанның туризм басқармасы мен Пусан қалалық мэриясының басшысы тәжірибе алмасудың одан әрі мүмкіндіктері мен перспективаларын, сондай-ақ кез-келген туристік алмасу мен елдер арасындағы байланыстарды талқылады.


Ұйымдастырушылар:

Пусан қаласының экономикалық ілгерілету агенттігі
Пусан қаласының медициналық туризмі

Сұхбат берген:

Пусан қаласының экономикалық қолдау агенттігі атынан Корпоративтік қолдау бөлімінің бастығы О Джи Хван мырза.

 

Соңғы жаңалықтар