«Тергеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр, бірақ қазірдің өзінде өрттің тез таралуына газ баллонын ауыстыру кезінде оның жарылуы себеп болған деп айтуға болады», — деді С. Дырин. Оның айтуынша, «өрт супермаркеттің қабырғасын қаптауда пайдаланылған материалдарға қарай ойысып, алғашқы өрт сөндіруші топтар келіп жеткенге дейін жалын 1 мың шаршы метрді шарпып үлгерген».
Сонымен бірге, С.Дыриннің айтуынша, тергеу мәліметіне сәйкес, супермаркеттегі өртке қарсы күрес жүйесі жұмыс істемей қалған. «Бастапқы кезеңде қрт сөндіруге күш салуға міндетті супермаркет қызметкерлері ондай әрекетке оқытылмағандықтан, әрекетсіздік танытқан», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті