Алматыдағы металлургия институтында топырақ пен ауаны сынаптан тазату жөніндегі бағдарлама аясындағы зерттеу жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы металлургия институтында топырақ пен ауаны сынаптан тазату жөніндегі бағдарлама аясындағы зерттеу жұмыстары  басталды

Алматыдағы металлургия институтында топырақ пен ауаны сынаптан тазату жөніндегі бағдарлама аясындағы зерттеу жұмыстары басталды

ҚР білім және ғылым министрлігінің Алматыдағы металлургия институтында топырақ пен ауаны сынаптан тазату жөніндегі бағдарлама аясындағы зерттеу жұмыстары басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне металлургия институтының директоры Бақдәулет Кенжалиев хабарлады.

  • 13 Қараша 2003
  • 885
Фото - Caravan.kz

Бағдарламаны АҚШ мемлекеттік бюджеті қаржыландырып отыр. 10-қарашада металлургия институтының ғалымдарына зерттеулеге арнап 260 мың доллар бөлінді.

Б.Кенжалиевтің айтуынша, 2002-жылы институт мамандары топырақ пен ауаны сынаптан тазатуға бағытталған жаңа әдістеме ойлап тауып, дүниежүзінің бірде-бір елінде баламасы жоқ бірегей вакуумдық қондырғы жасап шығарған. Қазір бұл қондырғыны сынақ алаңы жағдайында тексеріп көруге және оны жетілдіруге қаржы бөлініп отыр.
Сынаптан ластанған аймақтарда тұратын адамдардың денсаулығы патологиялық зардаптарға душар болатыны белгілі. Көптеген ауру түрлерімен бірге, сынаппен ластанған қолайсыз аймақтарда тұрған адамдардың үрім-бұтағының ұрпақсыз қалу қаупі бар. «Сынаптан уланған жерлер тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге дүниежүзінің көптеген елдерінде бар. Біздің институт мамандарының туындысына әлемнің түрлі елдерінің мамандары тарапынан кеңінен назар аударылуының себебі осыда»,- дейді Б.Кенжалиев.