Алматыдағы құрылыс алаңдарында бір адам қаза тауып, екеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы құрылыс алаңдарында бір адам қаза тауып,  екеуі жараланды

Алматыдағы құрылыс алаңдарында бір адам қаза тауып, екеуі жараланды

АСТАНА. 30-наурыз. Kazakhstan Today. Алматыдағы құрылыс алаңдарында бір адам қаза тауып, екеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Наурыз 2007
  • 419
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Түріксіб ауданында салынып жатқан «Рено» автосалонының алаңында 22 жастағы жұмысшы мұнаралы шығырыннан құлап мерт болды.

Ал Бостандық ауданында әл-Фараби атындағы ҚазМУ құрылыс алаңында опалубка орнату барысында қазаншұңқыр жиегінің опырылып кетуі салдарынан «Казэнергострой» ЖШС-нің екі жұмысшысы жараланып, ауруханаға жеткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті