Алматыдағы құрылыс нысанының аумағында бір адам қайтыс болып, тағы бір адам ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы құрылыс нысанының аумағында бір адам қайтыс болып, тағы бір адам ауруханаға жатқызылды

Алматыдағы құрылыс нысанының аумағында бір адам қайтыс болып, тағы бір адам ауруханаға жатқызылды

Алматы. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы құрылыс нысанының аумағында бір адам қайтыс болып, тағы бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Алматы қалалық құтқару қызметі" баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 11 Наурыз 2008
  • 417
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, «Айнабұлақ» ықшамауданында 9 наурыз күні күндізгі сағат 12.35-те «Ракурс Билдинг Компани» ЖШС тиесілі құрылыс нысаны аумағында бетон араластырғыш бөліктің металл құралдары сынған.

«Нәтижесінде жедел жәрдем қызметі келіп жеткенше оқиға орынында бір адам қаза тауып, тағы бір адам 4-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы орташа дәрежеде», — деп түсіндірді «Алматы қалалық құтқару қызметі».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті