Жарияланды: 510

Алматыдағы саунаның әкімшісі жеңгетайлық үшін ұсталды

Алматыдағы беделді саунаның әкімшісі қосымша табыс табу мақсатымен клиенттерге жыныстық қызмет көрсететін қыздарды жеткізіп беріп отырған, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Оның жеңіл жүрісті қыздардың әрқайсысы үшін клиенттерінен 5 мың теңгеден ақы алып отырғаны оперативті жолмен анықталды. (…) Біз бірнеше арнайы шара өткізіп, қылмыстық іс қозғау үшін қажет дәлелдер базасын жинақтадық. Фигурант екі жезөкше үшін ақша алып жатқан жерінен ұсталды», -деп мәлім етті ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының трафикпен күрес бөлімінің бастығы Танат Назанов. Хабарламада айтылғандай, ұсталған адам кінәсін толығымен мойындап, тергеуге көмектесуге келісті. «Күдіктінің алдын ала тергеу шаралары барысында жасаған ісіне өкінгенін және оған жақсы мінездеме берілгенін ескере отырып, сот оны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босату туралы шешім қабылдады», - деді Т. Назанов Алматы ІІД тергеу басқармасы оған қатысты ҚР ҚК 271 бабы (жеңгетайлық) бойынша қылмыстық іс қозғады, делінген ақпаратта.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін