Алматыдағы «Саялы» ықшам ауданында биыл 2138 пәтер тұрғындарды қабылдайды - А. Мапаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы «Саялы» ықшам ауданында биыл 2138 пәтер тұрғындарды қабылдайды - А. Мапаев

Алматыдағы «Саялы» ықшам ауданында биыл 2138 пәтер тұрғындарды қабылдайды - А. Мапаев

Алматы қаласының Алатау ауданында жаңадан салынып жатқан 3270 пәтерлік «Саялы» ықшам ауданының бес қабатты 63 тұрғын үйі,

  • 7 Тамыз 2015
  • 732
Фото - Caravan.kz


яғни 2138 пәтері биыл пайдалануға беріледі. Пәтерлердің шаршы метрі — 120 мың теңгеден есептелді. Бұл туралы Алматыда журналистерге берген сұхбатында Алматы қаласы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Асқар Мапаев мәлімдеді. 

«Саялы» ықшам ауданының құрылысына негізінен қазақстандық материалдар қолданылып жатыр. Бұл темір бетонды бес қабатты тұрғын үйлер. Жер жағдайына байланысты олардың биіктігін бес қабаттан асыруға болмайтын болды. Дегенмен, бұл тұрғын үйлер 9 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алады», — деді А. Мапаев.

Сонымен қатар, ол биыл 63 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 2138 пәтердің тұрғындарға берілетіндігін жеткізді.

«Қазір 68 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қалған үйлердің құрылысы келесі жылы басталады. Ал биыл, нақты 63 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Яғни, 2138 пәтердің кілті иелеріне табыс етіледі. Тұрғын үйлерде пәтерлер 1, 2 және 3 бөлмелі болып келеді. Бір бөлмелі пәтердің ауданы — 45-50 шаршы метр, екі бөлмелі пәтер — 50-60 шаршы метр және үш бөлмелі пәтердің ауданы  — 78-80 шаршы метрді құрайды. Бұл пәтерлердің барлығы үш бағыт бойынша таратылады. Біріншіден, жергілікті әкімдіктерде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жалдамалы баспана ретінде 614 пәтерлік 21 тұрғын үй беріледі. Жалпы аумағы — 37,16 мың шаршы метр. Екіншіден, жас отбасыларға 12 тұрғын үй беріледі. Жалпы көлемі — 22,27 мың шаршы метр немесе 396 пәтер. Үшіншіден, Алматы қаласының облигациялық займынан түскен қаржыға салынған 30 тұрғын үй «Тұрғынүй Құрылыс Жинақ банкі» арқылы ипотекалық жүйе бойынша таратылады. Жалпы көлемі — 65,01 мың шаршы метр немесе 1 128 пәтер. Пәтерлердің шаршы метрі — 120 мың теңгеден есептелді», — деді А. Мапаев. 

Соңғы жаңалықтар