Алматыдағы тауда жігіт пен қыз жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы тауда жігіт пен қыз жоғалып кетті

Алматыдағы тауда жігіт пен қыз жоғалып кетті

Жұма күні, 5 тамызда 1988 жылы туған алматылық Ильдар Галиев таныс қызымен тауға кетіп, сол күйі оралмады. Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа Ильдардың әкесі хабарлады.

  • 10 Тамыз 2016
  • 479
Фото - Caravan.kz

«Жұма күні түсен кейін Ильдар таныс қызымен тауға кетті, қай бағытпен жүргені белгісіз. Жексенбі күні кешке келемін деп уәде берген. Содан бері ұлымнан еш хабар жоқ. Телефоны сөндірулі. Сол күні Ильдар қызыл суреті бар ашық түсті жейде, джинсы, қоңыр бәтеңке киді, арқасында рюкзагы бар. 1988 жылы туған, арық жігіт, бойы шамамен 176 см», — деді Ильдардың әкесі Рамиль Галиев.

Жоғалған қыз бен жігіттің ата-анасы полицияға арыз жазды.


Олар туралы қандай да бір ақпарат білесеңіз, Ильдардың туыстарына хабар берулеріңізді сұраймыз: 8 777 2831647.

Соңғы жаңалықтар