Алматыдағы толастамаған жауын (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы толастамаған жауын (видео)

Алматыдағы толастамаған жауын (видео)

Алматыда толастамай тұрған жаңбыр жолда үлкен бөгет тудырып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне көлік жүргізушілері хабарлап отыр.  Тұрғындар жаңбырдың салдарын суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялап жатыр. 

  • 7 Қараша 2017
  • 314
Фото - Caravan.kz

Кей көшелерде көліктер ұзақ уақыт кептелісте тұр. Мәселен Kris_p_almaty паблигінде Алматы әуежайына апаратын айналма жолдағы кептелістің видеосы жарияланған. Жүргізушілер жол барлық жағынан жабылып қалғанын, алайда, әзірге дейін ешқандай да қозғалысты реттеуші келмегеніне шағымданып жатыр.  "Міне, Құлжа тасжолындағы әуежайға апаратын айналма жолдағы жағдай. Көліктер тоқтап қалған. Қозғалысты реттеушілер мен гаишниктер мүлде көрінбейді", — дейді жүргізушілердің бірі.  
 

Төле би — Әуезов қиылысында да осындай жағдай болған. 


 

"Шаңырақ-2" ықшамауданының тұрғындары жаңбырдан жолдың ми батпаққа айналғанын айтады. Бұрын бұл жолға асфальт төселген болатын. "Бәрін қазып тастады. Не түзу, не айналып өте алмайсың. Шешіңіздер мына мәселені", — дейді олар. 
 

Алматы әкімдігінің өкілдерінің сөзінше,  су деңгейі көтеріліп кеткен жерлердің бәрінде жұмыс жүріп жатыр. 
 

Соңғы жаңалықтар