Алматыдағы "Үш-қоңыр" базарында өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы "Үш-қоңыр" базарында өрт шықты

Алматыдағы "Үш-қоңыр" базарында өрт шықты

Алматыда "Үш-қоңыр" базарындағы техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шықты.

  • 3 Қаңтар 2018
  • 165
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайдың суреттерін куәгерлер портал редакциясына жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт жайлы мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Оның айтуынша, өрт Алатау ауданында Солтүстік айналма көшесі, №36 үйде шыққан.

"Үш-қоңыр" базарының аумағында бір қабатты ғимарат өртеніп жатыр. Өрттің аумағы анықталып жатыр. Оқиға орнында 24 өрт сөндіруші мен 8 арнайы өрт техникасы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жайлы мәлімет түскен жоқ", — деп хабарлады Руслан Иманқұлов.


 

Соңғы жаңалықтар