Алматыдағы жарылыс: АƏД мұғалімі 2 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы жарылыс: АƏД мұғалімі 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматыдағы жарылыс: АƏД мұғалімі 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Қылмыстық істер бойынша Алмалы аудандық соты 7 айға созылған сот процесіне нүкте қойды.

  • 12 Маусым 2015
  • 1256
Фото - Caravan.kz

Бүгін АƏД мұғалімдері Ғабит Қарабалаев, Серік Баймулдин, Юрий Гавриленкоға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.

Оның айтуынша, Ғабит Қарабалаев  ҚР ҚК екі бабы — қару-жарақты заңсыз сақтап жəне адам өліміне əкелген əрекет жасағаны үшін   айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айып тағылған екі мұғалім Серік Баймулдин мен Юрий Гавриленкоға қару-жарақты заңсыз сақтағаны үшін əрқайсысына 1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік,  қайғылы жағдай былтыр қараша айында Алматы Сəн жəне дизайн колледжінде орын алған болатын. Алғашқы əскери дайындық пəні кезінде Ргд-5 қол гранатасы жарылып кеткен еді. Төтенше жағдай салдарынан 1 студент қаза болып, 8 студент ауруханаға түскен болатын.