Жарияланды: 460

Алматыдағы жетекші алты экономикалық жоғары оқу орындары акциясының бақылау пакеті 2003-жылдың аяғында 1,257 млрд. теңгеге сатылды

Алматыдағы экономикалық бағытта білім беретін жетекші алты жоғары оқу орны акцияларының бақылау пакеті 2003-жылдың аяғында 1,257 млрд. теңгеге (90 млн. доллар) сатылды. Бұл туралы бүгін, 11-ақпанда Астанада ҚР білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Григорий Марченко хабарлады.

Оның айтуынша, Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университеттің, Көлік және коммуникация академиясының, Спорт және туризм академиясының, Гуманитарлық әділет университетінің, Халықаралық қатынас және араб тілдері Университетінің, сондай-ақ, Бас сәулет-құрылыс академиясының акцияларының бақылау пакеті сатылды. "Жекешелендіруге ешкім де қарсы емес, бірақ ол жариялы түрде ашық өткізілуі тиіс. Жоғары оқу орындарына инвестиция салған кім екенін әркім білуге тиіс",- деді үкімет басшысының бірінші орынбасары. Сондай-ақ, Г.Марченко "жекешелендіруге аталмыш жоғары оқу орындарының ректорлары араласқан жоқ " деген дерекке күдік кетірді. Осыған байланысты ҚР қаржы министрлігіне "бұл мәселенің анық-қанығына барып, инвестордың кім екенін анықтау туралы" тапсырма берілді деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін