Алматыдан 339 шақырым қашықтықта жер сілкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдан 339 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 339 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 339 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлады

  • 15 Маусым 2015
  • 402
Фото - Caravan.kz

«ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ-нен хабарлады.

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2015 жылдың 15 маусымында Алматы уақытымен сағат 12:07-де (2015 жылғы 15 маусым күні Гринвич бойынша сағат 06:07-де) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 339 шақырым жерде орналасқан», — делінген хабарламада.

СТӘЭ-ның мәліметтерінше, жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.5; MPV магнитудасы 4.3; ошағының координаттары — 40.19° солтүстік ендік, 77.52° шығыс бойлық, тереңдігі — 10 шақырым.


Сезілгендігі (МSК-64 шкаласы бойынша) туралы мәліметтер жоқ.