Жарияланды: 570

"АлматыЭнергоСбыт" алдағы күз-қыс маусымындағы тәулік аясында түрлендірілген тариф ставкаларын таныстырды

Алматы. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "АлматыЭнергоСбыт" алдағы күз-қыс маусымындағы тәулік аясында түрлендірілген тариф ставкаларын таныстырды, деп хабарлайды агенттік "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2008 жылдың 28- сәуіріндегі №141-ОД санды бұйрығымен бекітілген тариф ставкаларын есептеу әдістемесіне сәйкес, түрліше тариф маусымға байланысты да өзгеріп отырады", - делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың қазаны мен 2009 жылдың наурызы аралығында жеке тұлғалар үшін күндізгі тариф ставкасы 7.00 мен 23.00 аралығында қолданылып, 1 кВт-сағ үшін 12,01 теңгені құрайды. Ал түнгі ставка ( 23.00 мен 7.00 аралығы) 1 кВт-сағ үшін 13% ҚҚС қоса есептегенде 2,64 теңге болмақ. Заңды тұлғалар үшін күндізгі тариф ставкасы (7.00 мен 19.00 аралығында) 1 кВт-сағ үшін 8,29 теңге, электр қуаты ең жоғары деңгейде қолданылатын уақытта (19.00 мен 23.00 аралығында) - 17,43 теңге, түнгі тариф ставкасы (23.00 мен 07.00 аралығында) 13% ҚҚС қоса есептегенде 1 кВт-сағ үшін 2,34 теңге болмақ. "Дифференциялы тариф ставкасы электр қуатының біртұтас тарифі өзгерген кезде өзгертіледі", деп хабарлайды мекеме. "Есепті бұрынғыдай біртұтас тарифпен жүргізуге құлықты адамдар үшін тариф ставкасы бұрынғыдай 1 кВт-сағ үшін 8,02 теңге қалпында қалады (ҚҚС қоса есептегенде)", -делінген хабарламада. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін