Алматыға әлемнің үздік суретшілері жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға әлемнің үздік суретшілері жиналды

Алматыға әлемнің үздік суретшілері жиналды

Алматыда халықаралық жас суретшілер фестивалі шымылдығын түрді. Үшінші рет ұйымдастырылған «АRT - Самғау» байқауында отандық және шетел қылқалам шеберлері бақ сынауда.

  • 7 Қазан 2015
  • 331
Фото - Caravan.kz

Фестивальге бейнелеу өнері шеберлерінің 50-ден астам шығармашылық жұмысы таңдап алынған. Оларға елімізге белгілі суретшілер мен өнер саласындағы кәсіби мамандар баға береді. Бір ерекшелігі, биыл байқауға отандық суретшілермен қатар Болгария, Қытай, Мысыр сынды 7 елден келген қылқалам шеберлері де қатысып жатыр. Шара аясында олардың туындыларынан көрме ұйымдастырылған. Жас суретшілер фестивалі 2 жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Өнер байқауы Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өтуде.

Бибігүл Нүсіпжанова, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры:

Фестиваліміз балалар үшін. Жас дарындар үшін. Олар көрсе екен, білсе екен, Қазақстанның табиғатымен, біздің мәдениетімізбен таныссын деген ойда жасалған.