Алматыға Қаскелең мен Талғардан электр пойызы қатынауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға Қаскелең мен Талғардан электр пойызы қатынауы мүмкін

Алматыға Қаскелең мен Талғардан электр пойызы қатынауы мүмкін

Алматыға Қаскелең мен Талғардан электр пойызы қатынауы мүмкін.

  • 29 Қазан 2019
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қала басшысы Бақытжан Сағынтаев президенттің қатысуымен өткен шаһарды әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өз сөзінде қала басшысы адамдар мен көліктердің күнделікті қатынау көші-қонын төмендету үшін, қала сыртындағы қоғамдық көлікті дамыту керегін атап өтті.

«Біздің тарапымыздан тиісті шаралар қабылданып жатыр. «Алматы-Ұзынағаш» бағытындағы пойыз рейсінің саны арттырылды. Жаңа жылдан бастап қапшағайлық бағытты іске қосамыз», — дейді Сағынтаев.

Сондай-ақ, Алматы әкімі еңбек көші-қоны бойынша адамдардың Талғар мен Каскелеңнен көптеп қатынайтынын айтты. Өз кезегінде ол мемлекет басшысынан аталған бағыттар бойынша электр пойызын енгізу мәселесін қарастыруды сұрады.


«ҚТЖ-мен электричкаға арналған темір жол құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар бар. Үкімет пен «Самрұқ-Қазына» қорына әкімдікпен бірлесіп осы маңызды әлеуметтік жобаны дайындап, оның кезең-кезеңімен ісек асырылуын бастауды тапсыруды сұраймыз», — дейді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар