Алматыға жер сілкінісіне дайындық бағдарламасы қажет - Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға жер сілкінісіне дайындық бағдарламасы қажет - Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы

Алматыға жер сілкінісіне дайындық бағдарламасы қажет - Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы

Алматы. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыға жойқын жер сілкінісіне дайындық бағдарламасы қажет. Бұл туралы бүгін Алматының төтенше жағдайдың алдын алу және болдырмау жөніндегі мекемеаралық комиссияның отырысы барысында Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Дамир Халықов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 5 Наурыз 2008
  • 1046
Фото - Caravan.kz

Д. Халықов хабарлағандай, 2005 жылдың өзінде Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қаланың жойқын жер сілкіністеріне дайындығы мәселесі бойынша жиналысқа бастамашы болған. Сол кезде мамандар «қала жойқын жер сілкіністеріне толық деңгейде дайын емес» деген қорытындыға келген болатын. Тез арада шешілуі тиісбасты проблемалар аталған еді.

«Осы саладағы жағдай жөнінде Қауіпсіздік кеңесі, республиканың Төтенше жағдайлар министрлігі және қала әкімшілігі хабардар болған. Жиналыс соңында қаланың жойқын жер сілкіністеріне дайындық бағдарламасының жобасы жасалған. 2005 жылы айтылған проблемалар және сол бойынша берілген тапсырмалар үш жыл өтсе де тек сөз күйінде қалып келе жатыр», — деді Д. Халықов.

Оның айтуынша, осы күнге дейін жер сілкінісінің қысқа мерзімді болжамын ұйымдастыру, сейсмикалық карта құрастыру, жарықшақтардың орналасқан жерінің тереңдігін зерттеу, сейсмикалық қауіпті аймақта зәулім ғимараттар салу және салынған ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру проблемасы, зардап шеккен халықты орналастыратын пункттерді қаланың жабдықтау мүмкіндігі, қала құрылымдарының жабдықталуы, зардап шеккен халықты эвакуациялау секілді қаланың сейсмикалық қауіпсіздігінің негізгі мәселелері шешілмеген.

Сонымен бірге, қалалық төтенше жағдайлар комиссиясының 2007 — 2009 жылдарға арналған аймақтық тұрғын үйлер, ғимараттар мен құрылыстарды тексеру және сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру бағдарламасын жасау, сейсмикалық қауіпті аймақтарда құрылыс сапасын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі шешімдері орындалмаған.

«Жыл сайын Алматыда 50 шақырымдық радиуста жер қабығының 100 шақты тербелісі болып тұрады. 50 — 300 шақырым қашықтықта 2-3 балл аралығындағы 300-дей тербеліс тіркеледі. Ғалымдар мұны қалыпты жағдай деп есептейді. Дүниежүзіндегі барлық күшті жер сілкіністерінің сараптамасы олардың кенеттен болатынын көрсетіп отыр. Менің білуімше, қазір Қазақстанда қандай да бір себеп немесе қауіп жоқ. Жақын болашақта да ондай қауіпті болжам жасалмады», — деп атап көрсетті Д. Халықов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті