«Харвиді қайтаруды сұраймыз». Осы мәтін жазылған баннер Сейфуллин мен Жамбыл көшелерінің қиылысында осыдан 1 ай бұрын пайда болды. Әбдел есімді азамат бұл маңдайшаны сүйікті жануарын табу үшін арнайы жасатыпты. Үміті де жоқ емес. Ол Харвин табу үшін тек бұл қадаммен ғана шектелмейтінін айтады.
«Харвидан анасы бас тартты. Мен оны туылғанына екі апта ғана толған кезінде кезіктірдім. Сондықтан, мәулен жоғалып қалады ма деп, үйге алып кетіп, асырап алдым. Бірақ, менің апам мұндай үй жануарын ұнатпағандықтан, оны кеңседе ұстауға тура келді», — деді Алматы қаласының тұрғыны Әбдел Елубаев.
Әбдел тек бір баннермен ғана шектелмеді. Мысығына арнап жеке сайт та ашқан. Жануар иесінің әріптестері Харвиді ұжымның бөлшегі деп қабылдайды екен. Сондықтан, оның үйшігі мен жатқан қорапшасы кеңседе әлі де сақтаулы.
Бұл жайтқа қала тұрғындары бей-жай қарамаған. Қазірдің өзінде үйі иесіне күнделікті хабарласатындар көп. Ал кейбірі тіпті, жанашырлық танытып, өз мысықтарын ұсынуда, деп жазады almaty.tv.