«Жол жүру билеттерін шығару мен сату саласын мықтап бақылауға алу қажет», — деді ол сәрсенбі күні әкімдікте өткен кеңесте.
Әкім «тіркелмеген жол жүру билеттерінің сатылып жүргені туралы қауесеттің құлағына жеткенін» айтты.
«Ойланып көрейік, оны жолаушы тасымалымен айналысатындардың өздері шығарады деген күдіктің заңды екені анық», деді ол. «Біздің құрылымдарымыз бен құқық қорғау орындары сол билеттерді тексеруі тиіс. Оларды белгілі бір деңгейде қорғау мәселесін қарастыру қажет. Қазіргі жол жүру билеттерін кез-келген адам жасап шығара алады», — деп мәлімдеді А.Есімов.